$ 463.91  544.63  6.26

Алматыда масқара оқиға: қызды қорғамақ болған жігітке кастетпен шабуыл жасалды

Зардап шеккен ер адам көзінен және тыныс жолдарынан күйік алғанын мәлімдеген.

Фото: видеодан скрин
Фото: видеодан скрин

Алматыдағы жаяу жүргіншілер көпірінде түсірілген видео әлеуметтік желіні шулатты. Куәгердің айтуынша, қара киінген жігіт қасындағы қызға дөрекілік көрсетіп, қолынан тартып, шашынан сүйреген.

Қыздың жылап, қарсылық көрсеткені кадрдан анық байқалады. Оқиғаға араласқан азамат қызды қорғап қалмақ болған.
Алайда агрессивті жігіт оған бұрылып, алдымен бұрыш газын шашқан.

Кейін қолына кастет алып, жанжал ушығып кеткені айтылады. Зардап шеккен ер адам көзінен және тыныс жолдарынан күйік алғанын мәлімдеген.

Желі қолданушылары «мұндай адамдарды қатаң жазалау керек» деп пікір жазып жатыр. Ал полиция тарапынан әзірге ресми мәлімдеме жарияланған жоқ.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0