14.05.2026, 07:30

14 мамырда қай өңірлерде ауа райына байланысты ескерту жасалды

Фото: Pixabay

Алматы облысының батысында жоғары өрт қаупі сақталады.

"Қазгидромет" РМК синоптиктері ертең, 14 мамырда елдің бірнеше өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Жетісу облысында солтүстік-шығыстан жел күтіледі, Алакөл көлдері ауданында екпіні 15-20 м/с. Түнде облыстың таулы аудандарында 2 градус үсік. Облыстың оңтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Қызылорда облысының орталығында, оңтүстігінде, солтүстігінде шаңды дауыл күтіледі. Жел шығыстан соғады, түнде облыстың шығысында күші 15-20 м/с, күндіз күші 15-20, облыстың шығысында 23 м/с күтіледі. Облыстың солтүстігінде, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың оңтүстігінде, шығысында төтенше өрт қаупі күтіледі. Қызылордада күндіз шаңды дауыл күтіледі. Жел шығыстан соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі. Төтенше өрт қаупі күтіледі.

Ұлытау облысында солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, орталығында екпіні 15 м/с. Облыс бойынша жоғары өрт қаупі сақталады. Жезқазғанда солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15 м/с. Жоғары өрт қаупі сақталады.

Батыс Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде жаңбыр, найзағай күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с.

Павлодар облысының шығысында жаңбыр, найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың шығысында, оңтүстігінде тұман. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың шығысында, батысында, оңтүстігінде күндіз екпіні 18 м/с күтіледі. Түнде облыстың солүстігінде, шығысында 3 градус үсік күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. Павлодар қ.: 14 мамырда түнде топырақтың бетінде 1 градус үсік күтіледі. Жоғары өрт қаупі сақталады.

Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Түнде облыстың солтүстігінде, шығысында 1 градус үсік. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады. Қарағандыда түнде және таңертең тұман күтіледі. Жоғары өрт қаупі сақталады.

Алматы облысының батысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Ақтөбе облысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қауіпі сақталады, облыстың оңтүстік-шығысында төтенше өрт қауіпі күтіледі. Ақтөбе қ.: 14 мамырда оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15 м/с күтіледі.