14.05.2026, 20:30

Тоқаев пен Ердоған Alem.ai халықаралық жасанды интеллект орталығына барды

Фото: Ақорда

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлім етті.

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Режеп Тайип Ердоғанға еліміздегі басты технологиялық хабқа айналуды көздейтін орталықтың әлеуеті таныстырылды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Премьер-министрдің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев екі ел басшыларына музей экспозициясы мен ЖИ-кинотеатрын көрсетіп, орталықтың ұзақмерзімді даму стратегиясы туралы мәлімет берді.

Сонымен қатар президенттерге Astana Smart City жобасы жөнінде баяндалды.