$ 474.04  555.01  6.45

«70 мың теңге үшін»: Алматы облысында тағы бір жас жігіт төбелестен көз жұмды

Бахромның көкбауыры жарылып, ішкі қан кету орын алған.

Фото: kriminal_kazakhstan
Фото: kriminal_kazakhstan

Алматы облысы Боралдай кентінде адам өлімімен аяқталған жанжал болды. Алдын ала мәлімет бойынша, 10 мамыр күні «Эдельвейс» дәмханасында жұмыс істейтін екі жігіт арасында 70 мың теңгеге байланысты жанжал туындаған. Соның салдарынан жас жігіт көз жұмды, деп хабарлайды  Sn.kz ақпарат порталы.

«Криминалды Қазақстан» паблигінің мәліметінше, марқұмның есімі – Бахром. Дереккөздің жазуынша, жанжал кезінде күдікті оны бір сағатқа жуық уақыт бойы соққыға жыққан.

Туыстарының айтуынша, оқиға кешкі сағат 20:18 бен 21:04 аралығында болған. Алдын ала сараптама қорытындысына сәйкес, Бахромның көкбауыры жарылып, ішкі қан кету орын алған.

Жақындарының сөзінше, ауыр соққыдан кейін жігіттің жағдайы күрт нашарлап, құса бастаған. Сондай-ақ олар жедел жәрдем келгенге дейін күдіктілер оқиға орнын тазалап үлгергенін айтады.

Жедел жәрдем оқиға орнына сағат 21:04-те жетіп, зардап шеккен жігітті ауруханаға жеткізген. Алайда дәрігерлер оның қайтыс болғанын мәлімдеген.

Аталған жағдайға байланысты Алматы облыстық полиция департаментінен ресми түсініктеме сұралды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0