$ 470.17  547.47  6.42

Өлімді тойға айналдырған: Ақтөбеде жаназадағы әрекет жұртты шошытты (ВИДЕО)

Қазақ салтында әдетте, 90 жастан аса қайтқан адамның арты той деп жатады.

Фото: Видеодан алынған кадр
Фото: Видеодан алынған кадр

Ақтөбе облысының Ырғыз ауданында өлік шыққан үй иелерінің әрекеті елді шошытты. 84 жастағы әже қайтыс болып, жаназаның соңы тойға ұласқан, деп жазады Sn.kz ақпарат порталы.

Жаназаға жиналған халыққа алтын, кілем, көйлек, өзге де бағалы заттардың беріліп жатқанын көруге болады. Арнайы дайындалған «тойбастарды» халық күліп, қол шапалақтап алып жатыр. Өлім үстіндегі көрініс желі қолданушылардың арасында дау тудырды.  

«Қандай болмасын өлімнің аты өлім, ажалдың аты ажал. Өлік шыққан үй - қаралы. Өлімнің көркі – жоқтау, -деп сынға алды белгілі журналист Гүлмира Әбіқай. 

Қазақ салтында әдетте, 90 жастан аса қайтқан адамның арты той деп жатады. Онда да ұлағатты өмір жасына орай тәбәрәк қана таратылады. Кейін жылдық аста ғана арнайы той жасалады. 

«Дәл осылай марқұмның жеке әшекейлері мен киім-көншектерін жаназадан кейін өздері ғана қалғанда аманаттап таратса жетіп жатыр. Тарат деген осы екен деп қазір ғана адамды жерлеп келіп, күліп-ойнап тойдай сандық қопару өзімнің жүрегімді ауыртты. Онсыз да тойдың дарақылығынан арыла алмай жүргенде бұл да халыққа бір салмақ болады-ау», - деп күйінді журналист.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 2
Күлкілі 0
Ашулы 0