$ 470.17  547.47  6.42

«Үйге кіре алмаған»: Атыраудағы резонансты істе жаңа деректер айтылды

Олардың айтуынша, керісінше, екі жасқа әрдайым көмектесіп отырған.

Фото: Нұрбибі Теміртасова/Kazinform
Фото: Нұрбибі Теміртасова/Kazinform

Атырауда бір отбасының өліміне қатысты іс негізгі сот талқылауына өтті, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы. 

Атырау облысында өтіп жатқан сот процесінде куәгерлер мен туыстар іске қатысты өз нұсқаларын айтты. тақырып Ақбаян Мұқанғалиеваның жақындары оның ата-анасы ешқашан қызының отбасылық өміріне араласпағанын мәлімдеді. Олардың айтуынша, керісінше, екі жасқа әрдайым көмектесіп отырған.

— Біз Ақбаянның ата-анасы олардың отбасына араласқанын көрген емеспіз. Олар ондай адамдар емес. Керісінше, қолдарынан келгенше көмектесіп жүрді, — деді туыстары сотта.

Сонымен қатар, олар Сұлтан Сәрсемәлиевтің анасы бірнеше рет Ақбаянмен кездесуге тырысқанын, бірақ оған мүмкіндік болмағанын айтқан.

— Біздің келініміз жылап, Ақбаянды көргісі келетінін айтатын. Бірақ оның отбасымен кездесуіне рұқсат бермеген. Ол бірнеше рет ауылға барып, үйге кіре алмаған, — деді туыстары.

Атырау облысында төрт адам қаза тапқан қылмыстық іс бойынша негізгі сот процесінің басталу күні белгіленді. Негізгі сот отырысы 28 мамыр 10:00–де өтеді. Резонансты іс ашық режимде өтеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 1
Күлкілі 0
Ашулы 0

Тегтер:

#сот #Атырау