ҚР Инвестициялар және даму министрі бұйрығымен комитеттер төрағалары тағайындалды. Әсет Исекешев оларды министрлік ұжымына таныстырды, деп хабарлайды Skifnews.kz.
Министрліктің баспасөз қызметі мәлімдегендей, төраға болып тағайындалғандар: Аэроғарыш комитетіне – Мұсабаев Талғат Амангелдіұлы; Автомобиль комитетіне – Пішембаев Мереке Құдайбергенұлы; Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетіне – Сәрсенов Сәкен Сейтжапарұлы; Индустриалық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетіне – Ержанов Аманияз Қасымұлы; Геология және жер қойнауын пайдалану комитетіне – Нұрабаев Базарбай Қанайұлы; Техникалық реттеу және метрология комитетіне – Қанешев Біржан Бисекенұлы; Көлік комитетіне – Асаубаев Әсет Асанұлы; Азаматтық авиация комитетіне – Сейдахметов Бекен Қанелұлы; Инвестиция комитетіне – Хаиров Ерлан Қартайұлы.
ҚР Инвестициялар және даму министрілігінің құзыретіне еліміздің индустриалды-инновациялық және ғылыми-техникалық даму мәселелері кіреді. Соның ішінде, өнеркәсіп салаларын дамыту мен инвестицияларды тарту, қазақстандық үлесті арттыру саясатын іске асыру, техникалық реттеу (ИЖТМ-нен); көлік және коммуникациялар (ККМ-нен); өнеркәсіп қауіпсіздік (ТЖМ-нен); байланыс, ақпарат және ақпараттандыру (БАА-нен); ғарыш саласын дамыту (Ұлттық ғарыш агенттігінен) функциялары қосылды.