Оқиға 16 мамыр, сенбі күні Президенте-Бернардес қаласында болған.
Бразилияда дәрігерлер қайтыс болды деп таныған 88 жастағы ер адам жерлеу бюросында тірі екені белгілі болды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы Mirror басылымына сілтеме жасап.
Оқиға 16 мамыр, сенбі күні Президенте-Бернардес қаласында болған. Хурачи Роза Алвес есімді қария тыныс алу жеткіліксіздігімен ауруханаға түскеннен кейін дәрігер оны қайтыс болды деп жариялаған.
Кейін оның денесі жерлеу рәсіміне дайындық үшін жерлеу бюросына жіберілген. Алайда сол жерде қызметкерлер оның іш тұсында әлсіз қозғалыстарды байқап, өмір белгілері барын аңғарған.
Жерлеу бюросының медбикелік қызмет басшысы Жаклин Броджиатоның айтуынша, бастапқыда қызметкерлер нақты жағдайды бірден түсіне алмаған.
«Алғашында оның тыныс алып жатқанын анық ажырата алмадық. Кейін өмір белгілері байқалған соң бірден алғашқы көмекті көрсетіп, жедел жәрдем шақырдық», – деді ол жергілікті БАҚ-қа берген сұхбатында.
Осыдан кейін ер адам Президенте-Пруденти қаласындағы ауруханаға жеткізіліп, жансақтау бөліміне жатқызылған. Қазіргі таңда оның жағдайы ауыр, бірақ тұрақты деп бағаланып отыр.
Оқиғадан кейін құқық қорғау органдары “көмек көрсетпеу” фактісі бойынша іс қозғаған.