$ 471.93  548.43  6.61

Ресей Қазақстан азаматтарына қосымша талаптар енгізді

Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Ерлан Жетібаев мәлімдеді.

Фото: depositphotos.com
Фото: depositphotos.com

Қазақстан азаматтарына Ресей Федерациясы аумағына кіру үшін қосымша талаптар енгізілді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы. 

Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Ерлан Жетібаев мәлімдеді.

2026 жылғы 1 шілдеден бастап Ресейге еңбек етуге немесе білім алуға баратын қазақстандықтар үшін «Gosuslugi RuID» мобильді қосымшасын пайдалану міндеттеледі. Белгіленген тәртіпке сәйкес шетел азаматтары аталған қосымшада жеке профиль құрып, Ресей Федерациясына кіру туралы өтінішті мемлекеттік шекараны жоспарланған кесіп өтуден кемінде 72 сағат бұрын тапсыруы керек. Өтініш қаралғаннан кейін қосымшада кіру құқығын растайтын жеке QR-код қалыптастырылады. Аталған QR-код өтініш берілген сәттен бастап 90 күн бойы жарамды болады, – деді Ерлан Жетібаев.

Сыртқы істер министрлігі ел азаматтарына кіру талаптарымен алдын ала танысып, Ресейге сапарлағанда осы өзгерістерді ескеруді сұрайды.
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0