23.05.2026, 21:30

Ақмола облысында жоғалған шопанның денесі табылды

Фото: © istockphoto.com

Қазіргі уақытта құқық қорғау органдары тиісті тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.

Ақмола облысында үш күн бойы іздестірілген 44 жастағы бақташы өлі күйінде табылды. Ер адамның мәйіті жедел іздестіру шараларының нәтижесінде анықталған, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Бұланды ауданы Капитоновка ауылы тұрғынының хабар-ошарсыз кеткені туралы арыз полицияға 19 мамыр күні түскен. Арада үш күн өткенде, яғни 22 мамырда жоғалған азаматтың денесі табылды.

Қазіргі уақытта құқық қорғау органдары тиісті тергеу амалдарын жүргізіп жатыр. Соның қорытындысы бойынша заңды процессуалдық шешім қабылданатын болады.

«Мәйітті алғашқы тексеру барысында оның денесінен зорлық-зомбылықпен өлтіру белгілері анықталған жоқ», — деп атап өтті құқық қорғау мекемесі.