24.05.2026, 10:30

Вашингтондағы Ақ үйдің алдында атыс болды

Фото: видеодан скрин

АҚШ президенті Дональд Трамп атыс салдарынан зардап шеккен жоқ.  

Вашингтондағы Ақ үйдің жанында атыс болды. Содан кейін АҚШ құпия қызметі қауіпсіздік шараларын күшейтті, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы ТАСС-қа сілтеп.

АҚШ президенті Дональд Трамп атыс салдарынан зардап шеккен жоқ.  

— Ақ үй маңында атыс дауысы естілді. Қазіргі уақытта екі адамның оқ жарақатын алғаны белгілі — олардың бірі күдікті, ал екіншісі кездейсоқ өтіп бара жатқан адам болуы мүмкін. Оқиға 17-көше мен Пенсильвания авенюінің қиылысында болған. Президент қауіпсіз жерде, — деп жазды PBS тілшісі Лиз Лендерз X әлеуметтік желісінде.