$ 470.8  545.99  6.6

Құлсарыдағы сорақылық: бір топ оқушы екі баланы аяусыз соққыға жыққан

Қатарластарының бұл қатыгездігі мен тасжүректігі көпшіліктің ашу-ызасын тудырып отыр.

Фото: pexels
Фото: pexels

Әлеуметтік желіде Құлсары қаласында бірнеше оқушының екі баланы жерге құлатып, бас-көзге демей тепкілеп жатқан сұмдық видеосы тарады,  деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Қатарластарының бұл қатыгездігі мен тасжүректігі көпшіліктің ашу-ызасын тудырып отыр.

Ресми мәліметке сүйенсек, бұл оқиға осы жылдың сәуір айында болған. Құқық бұзушылыққа қатысы бар 13–14 жастағы жасөспірімдердің барлығы анықталып, заңды өкілдерімен бірге полиция бөлімшесіне жеткізілді. Қазіргі уақытта кәмелетке толмағандар ішкі істер органдарының профилактикалық есебіне алынды. Ал олардың ата-аналары бала тәрбиесіне салғырт қарағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылып отыр.

Барлық жиналған материалдар арнайы комиссияға жолданды.

Осы орайда «баламыз кіммен жүр, не істеп жүр?» деген сұрақ әр шаңырақта белең алуы тиіс сияқты.

Бұл туралы Атырау облысы Полиция департаменті хабарлады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0