$ 470.8  545.99  6.6

«Қасым-Жомарт Тоқаевты сағындым!»: Астаналық патриот бала көпті тәнті етті (ВИДЕО)

"Оның бетінен сүйемін, қасында отырғым келеді"

Коллаж: SN.kz
Коллаж: SN.kz

Астаналық Әміре есімді  бүлдіршіннің патриоттығы көпшілікті тәнті етті, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Анасы әлеуметтік желідегі парақшасына видео жүктеген. 

Видеода баласы: 

"Мама, біз Қасым-Жомарт Тоқаевқа барамыз ба? Қасым-Жомарт Тоқаевты сағындым. Оның бетінен сүйемін, қасында отырғым келеді", - деген. 

Бұл өтінішін жерге қалдырмаған анасы оны LRT-ға отырғызып, Ақорданы көрсеткен.

"Қасым-Жомарт Тоқаевтың жұмысына барамыз. Қасынан өтеміз", - деді анасы. 

LRT-ға отырып, Ақорданы көрген балақай бірден еліміздің әнұранын орындай кетті. 

Бірақ Президентті көре алмағанына мұңайып, жылап қалды. 

"Мүмкін көріп қалар, мүмкін жауап алар, мүмкін кездесіп те қалар", - деп жазды анасы. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 2
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0