$ 470.8  545.99  6.6

Жер жұтқан бюджет: Боралдайдағы сорақылық кімнің мойнында?

Алматы облысына қарасты Боралдай кентінің жолдары аяқ астынан «тұңғиыққа» айнала бастады.

Фото: видео скриншот
Фото: видео скриншот

Әлеуметтік желіде тараған мына суреттер мен видеодан халықтың шыдамы әбден таусылғанын көруге болады. Жергілікті тұрғын жаңадан салынған асфальттың ортасындағы алып шұңқырға белшесінен түсіп, шенеуніктер мен мердігерлердің «сапалы» жұмысын әшкереледі, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Осыдан кейін «Бюджеттің миллиардтары қайда кетіп жатыр?» деген заңды сұрақ туындайды.

Бұл сорақылыққа тапсырыс берген — Іле ауданының ТКШ (ЖКХ) бөлімі. Ал жолды сапалы салады деп сенім артылған мердігерлер - «Спец строй ЛТД» және «Arman AVK» серіктестіктері. Алайда, оңай олжаға кенелгісі келгендердің кесірінен халық күнделікті өз өмірлері мен көліктерін қауіпке тігіп жүр. Жауапты мекемелер мен техникалық қадағалаушылар бұл нысандарды қалай қабылдап алғаны түсініксіз.

Тұрғындар жол жұмыстарына тәуелсіз сараптама жүргізіліп, кінәлі тұлғалардың заң алдында жауап беруін талап етуде. Егер қазір шара қолданылмаса, ертең бұл шұңқырлар үлкен қайғылы жағдайға соқтыруы әбден мүмкін.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0