$ 470.8  545.99  6.6

Пакетке орап кеткен: Ақтөбеде қоқыс жәшігінен жаңа туған сәби табылды

Шақалақты белгісіз біреу пакетке орап тастап кеткен.

Фото: Pixabay
Фото: Pixabay

23 мамыр күні Ақтөбеде қоқыс жәшігінен жаңа туған сәби табылды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы. 

Шақалақты белгісіз біреу пакетке орап тастап кеткен. Нәресте полиция қызметкерлерінің жедел әрекетінің арқасында дер кезінде медициналық мекемеге жеткізілді.

Қазіргі уақытта жаңа туған бала дәрігерлердің бақылауында. Аталған факті бойынша полиция қызметкерлері сәбидің анасын анықтауға бағытталған жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізуде, - делінген хабарламада.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 3
Күлкілі 1
Ашулы 2