Жол апатынан 6 жасөспірім велосипедші зардап шекті.
Жол апаты 27 мамыр күні сағат 09:30 шамасында Өскемен қаласындағы Ертіс өзенінің көпірінде болған.
ШҚО полиция департаментінің мәліметінше, Toyota Avensis маркалы көлігінің жүргізушісі жолақ ауыстыру кезінде маневр қауіпсіздігіне көз жеткізбей, велосипедшілер легін қағып кеткен.
27 мамыр күні сағат 09:30 шамасында Өскемен қаласындағы Ертіс өзенінің көпірінде Toyota Avensis маркалы көлігінің жүргізушісі жолақ ауыстыру кезінде маневр қауіпсіздігіне көз жеткізбей, велосипедшілер легін қағып кетті. Жол-көлік оқиғасының салдарынан кәмелетке толмаған 6 велосипедші медициналық көмекке жүгінді. Аталған факті бойынша қазіргі таңда тиісті тексеру жұмыстары жүргізілуде. Тексеру қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданатын болады, - деп хабарлады ШҚО ПД баспасөз қызметі.