$ 477.48  555.83  6.65

Әл-Фарабидегі жол апатына қатысты басты сот отырысының күні белгіленді

Әл-Фарабидегі жол апаты бойынша басты сот 1 маусымда өтеді.

Фото: Видеодан алынған кадр
Фото: Видеодан алынған кадр

Алматыдағы Әл-Фараби даңғылындағы жол апатына қатысты басты сот отырысы 1 маусым күні сағат 10.00-де өтеді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы. 

Іс Алматы қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында қаралады. Істі судья Еркін Майшинов қарайды.

Бұған дейін жәбірленушілердің бірі кешірім беруі мүмкін екені айтылған еді.

Еске сала кетейік, қайғылы оқиға 2026 жылдың 21 наурызына қараған түні болған.

Тергеу мәліметіне сәйкес, Zeekr көлігінің жүргізушісі қарсы бағытқа шығып кетіп, Mercedes көлігімен соқтығысқан. Апат салдарынан Mercedes жүргізушісі мен екі жолаушысы оқиға орнында көз жұмды.

Zeekr жүргізушісі жарақат алып, ауруханаға жеткізілген. Кейін оның жеңіл дәрежеде мас күйде болғаны анықталып, тергеу изоляторына қамалды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Тегтер:

#Алматы