$ 485.55  563.38  6.81

Сұлтан Сәрсемәлиев сотта әкесін көріп көз жас тыя алмады (ВИДЕО)

Ол марқұмдарды жақсы танығанын, екі отбасының арасында ешқандай араздық болмағанын және ұлымен де елеулі келіспеушілік болмағанын жеткізді.

Фото: Видеодан алынған кадр
Фото: Видеодан алынған кадр

Атырауда төрт адамның өліміне қатысты резонансты іс бойынша сот отырысында айыпталушының әкесі Самиғұлла Сәрсемәлиев куәлік берді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы Stan.kz-ке сілтеме жасап.

Ол марқұмдарды жақсы танығанын, екі отбасының арасында ешқандай араздық болмағанын және ұлымен де елеулі келіспеушілік болмағанын жеткізді.

Сондай-ақ ерлі-зайыптылардың бірге тұрғанын, жанжалдарын байқамағанын айтты.

Сот барысында ол ұлын сабырлы, отбасына берілген адам ретінде сипаттады. Ал балалық шағында балалық шағында психологиялық жарақаттар, ауыр күйзелістер болмағанын айтты. Ол ұлын толық ақтағысы келмейтінін де айтып өтті.
 

"Сен бұл өмірде қуаныш көрмедің. Өмір бойы күресумен келдің. Мықты бол. Өмір үшін күрес. Мен балаларыңа олардың әкесі бар екенін айтып отырамын", – деді ол ұлына.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 6
Күлкілі 0
Ашулы 0