$ 485.55  563.38  6.81

Алматы облысында 1 мыңнан астам бала ыстық тамақсыз қалған

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, мемлекеттік білім беру ұйымдарында атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасылардың балалары тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етілуге тиіс.

Фото: Pixabay
Фото: Pixabay

Алматы облысының мектептерінде балалардың құқықтары бұзылған, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, мемлекеттік білім беру ұйымдарында атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасылардың балалары тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етілуге тиіс.

Облыстық прокуратураның мәліметінше, жүргізілген тексеру нәтижесінде облыстың 70-тен астам мектебінде (Еңбекшіқазақ ауданы – 45, Талғар – 7, Жамбыл – 5, Ұйғыр – 14, Қарасай – 4, Қонаев қаласы – 9) аталған талаптардың сақталмағаны анықталды. Нәтижесінде 1 101 бала мемлекеттік қолдаудың бұл түрімен қамтылмаған.

Прокурорлық қадағалау актілері бойынша балалардың құқықтары қалпына келтіріліп, барлық оқушылар тиісті тамақпен қамтамасыз етілді, кінәлі лауазымды тұлғалар жауапкершілікке тартылды. Жалпы ағымдағы жылдың басынан бері облыс прокуратурасымен 30 мыңға жуық баланың құқықтары мен заңды мүдделері қорғалды.
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0