$ 485.95  565.74  6.83

Жезқазғандағы масқара: Кәріз суына толған шұңқырды тірідей көме салған

Әкімдік пен жауапты мекемелер бұл масқараға қатысты әзірге ешқандай ресми мәлімдеме жасаған жоқ.

Фото: видео скриншот
Фото: видео скриншот

Жезқазған жұрты тағы да шулап жатыр. Сұмдық жағдай Бейбітшілік (Мир) көшесіндегі көпқабатты үйлердің бірінің ауласында орын алған. Желіде тараған видеодан жұмысшылардың суға лық толы шұңқырды сораппен тазартпастан, үстінен топырақпен жауып, көме салғанын анық көруге болады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Жергілікті тұрғындар бұл бассыздыққа жағасын ұстап отыр. Үйдің ойпатта орналасқанын айтқан азаматтар енді ағын су мен іркілген кәріз суы жертөлеге кетіп, баспанамыз қаусап қала ма деп үрейленуде. Күн жылып, жер жібігенде мұндай бейберекет жұмыстың арты үлкен апатқа әкелуі әбден мүмкін.

Әкімдік пен жауапты мекемелер бұл масқараға қатысты әзірге ешқандай ресми мәлімдеме жасаған жоқ. Халық атқамінерлерден нақты жауап пен шұғыл әрекет күтіп отыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0