31 мамырда күндіз Павлодар облысында 32-37 градус, ал өңір орталығы - Павлодар қаласында 33-35 градус қатты ыстық болады деп күтіледі.
Қазақстанның 15 облысында 30 мамырда қолайсыз ауа райына байланысты дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы "Қазгидромет" РМК-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.
Қостанай облысының батысында, солтүстігінде, шығысында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, күндіз бұршақ түсіп, дауыл тұрады деп күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. Қостанайда 31 мамырда түнде және күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды деп күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндізгі екпіні - 15-20 м/с.
Қарағанды облысының орталығында жоғары өрт қаупі, облыстың батысында, солтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Қарағандыда 31 мамырда төтенше өрт қаупі күтіледі.
Ұлытау облысында және облыс орталығы Жезқазған қаласында 32-37 градус қатты ыстық болады деп күтіледі.
Күндіз Алматы облысының таулы аудандарында өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды деп күтіледі. Облыстың шығысында, таулы аудандарында оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 18 м/с құрайды. Күндіз облыс бойынша 35 градус, облыстың солтүстігінде, орталығында 38 градус қатты ыстық болады деп күтіледі. Облыстың солтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады. Қонаевта 31 мамырда күндіз 36-38 градус қатты ыстық болады деп күтіледі. 31 мамырда күндіз өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайтыны болжанады. Оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ойыса соққан желдің кей уақытта екпіні 18 м/с болады.
Күндіз Ақмола облысының батысында, солтүстігінде өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ түседі деп күтіледі. Облыстың батысында, солүстігінде оңтүстіктен, оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Облыстың батысында жоғары өрт қаупі сақталады.
Түнде Ақтөбе облысының солтүстігінде, шығысында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, орталығында тұман түседі деп күтіледі. Облыстың солтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі, облыстың оңтүстігінде, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. Ақтөбеде 31 мамырда түнде және таңертең тұман болатыны болжанады.
Түнде Маңғыстау облысының батысында, оңтүстігінде, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында аздап жаңбыр жауып, найзағай ойнайды деп күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында жоғары өрт қаупі, облыстың солтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. Ақтауда 31 мамырда түнде аздап жаңбыр жауып, найзағай ойнайды деп күтіледі.
Күндіз Жетісу облысының таулы аудандарында аздап жаңбыр жауып, найзағай ойнайды деп күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың шығысында соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Күндіз 35-37 градус қатты ыстық болады деп болжанады. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі, облыстың солтүстігінде, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. Талдықорғанда 31 мамырда күндіз 35-37 градус қатты ыстық болады деп болжанады.
Солтүстік Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде түнде және күндіз аздап жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ түседі, дауыл тұрады, ал түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде тұман болады деп күтіледі. Түнде облыстың батысында оңтүстіктен соққан желдің екпіні 15-20 м/с, күндіз облыстың батысында, оңтүстігіндегі екпіні 23-28 м/с дейін жетеді. Облыстың солтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. Петропавлда 31 мамырда түнде және таңертең тұман болады деп күтіледі. Оңтүстіктен жел соғады, күндізгі екпіні - 15-20 м/с.
Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, күндіз бұршақ түсіп, дауыл тұрады деп күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Облыстың батысында, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады. Оралда 31 мамырда жаңбыр жауады, найзағай ойнайды, күндіз бұршақ түсіп, дауыл тұрады деп күтіледі.
31 мамырда Шығыс Қазақстан облысының оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.
Күндіз Абай облысының оңтүстігінде шаңды дауыл тұрады деп күтіледі. Оңтүстік-шығыстан солтүстік-шығысқа ойыса жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігіндегі екпіні 15-18 м/с құрайды. Күндіз облыстың оңтүстігінде 36 градус қатты ыстық болады деп күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.
Түнде Қызылорда облысының оңтүстігінде, орталығында аздап жаңбыр жауып, найзағай ойнайды деп күтіледі. Күндіз облыстың солтүстігінде, орталығында шаңды дауыл тұрады, оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ойыса соққан желдің облыстың солтүстігінде, орталығындағы екпіні 15-20 м/с қамтиды. Облыстың оңтүстігінде, солтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі, облыстың батысында, солтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
31 мамырда күндіз Павлодар облысында 32-37 градус, ал өңір орталығы - Павлодар қаласында 33-35 градус қатты ыстық болады деп күтіледі.
Күндіз Жамбыл облысының таулы аудандарында өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды деп күтіледі. Күндіз облыс бойыша 38 градус қатты ыстық болады деп күтіледі.