$ 485.95  565.74  6.83

«Баян, жер қылдың ғой!»: Алагөзоваға тарту етілген футболка жұрттың ашуын туғызды (ВИДЕО)

Аталған жағдайға қатысты блогер әрі әнші Қанат Майлыбай теріс көзқарасын білдіріп, бұл әрекетті қатаң сынға алды.

Фото: Видеодан алынған кадр
Фото: Видеодан алынған кадр

Алматыда өткен КешYOU тобының мерейтойлық концертінде продюсер Баян Алагөзоваға табысталған жазуы бар футболка әлеуметтік желіде жаңа дау тудырды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Биылғы 29 мамырда Орталық стадионда 30 мың көрермен жинаған топтың 20 жылдық шоуы барысында визажист Нучи продюсерге қазнетте мемге айналған «Ұстазым» және «Моля, не нервируй меня!» деген сөздері бар арнайы футболка сыйлап, бұл ерекше тарту желіде тез таралып үлгерді.

Аталған жағдайға қатысты блогер әрі әнші Қанат Майлыбай теріс көзқарасын білдіріп, бұл әрекетті қатаң сынға алды.

«Сөйтіп өзіне хайп жинап жатыр ғой, өйтіп жинаған хайптары құрсын, керісінше Мөлдір деген қара домбыраны арқалап, өз күнін өзі көріп жүрген жалғызбасты ана ғой. Иә, бір шалынды, айтарын айтты. Бұлар қоймайды ғой, қоя қойсаңдаршы. Анау Баянда бет жоқ, ол да күліп тұр, Баян сенікі ұяттау. Қоя қою керек қой. Концертің өтті, ел барды, алғысыңды алдың, енді өйтіп жерлей берудің қажеті жоқ қой», – деді Қанат Майлыбай.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0