$ 485.95  565.74  6.83

Зардап шеккендер бар: Астанада көшенің қақ ортасында жарылыс болды

Қазір мамандар өрттің шығу себептерін анықтау жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Фото: threads.com/@iamelyyya
Фото: threads.com/@iamelyyya

Астанадағы Сарайшық ауданында көшеде тұрған жеңіл көлік өртеніп, салдарынан маңайдағы бірнеше автокөлікке зақым келді. Оқиға кезінде зардап шеккендер болғаны белгілі болды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

 

Қалалық төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, оқиға Аманжолов көшесінде болған. Оқиға орнына өрт сөндірушілер мен Апаттар медицинасы орталығының мамандары жедел жетіп, тілсіз жауды толықтай ауыздықтаған.

 

Куәгерлердің сөзінше, өрт сөндіру қызметі келгенге дейін көлікте газ-ауа қоспасы жарылып, артынша автокөлік жалынға оранған. Өрт салдарынан жақын жерде тұрған бірнеше көлік те бүлінген.

 

Зардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсетіліп, кейін қаладағы медициналық мекемелерге жеткізілген.

 

Қазір мамандар өрттің шығу себептерін анықтау жұмыстарын жүргізіп жатыр.

 

Төтенше жағдайлар департаменті жүргізушілерге көліктерін уақтылы техникалық тексеруден өткізіп, өрт қауіпсіздігі талаптарын қатаң сақтауға кеңес берді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0