$ 493.15  574.17  6.77

Алматыдағы Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институтында госпитальдық фармация бөлімі ашылды

Жаңа бөлімде емдеу үдерісіне клиникалық-фармакологиялық бағалау жүргізу, терапияның тиімділігі мен қауіпсіздігін бақылау, емдеу тәсілдерін ұтымды таңдау, дәрілік заттарды сұйылту жұмыстары жүзеге асырылады.

Фото: дереккөз
Фото: дереккөз

Ашылу салтанатына С.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ ректоры Марат Шоранов, Алматы қ. Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Марат Пашимов, Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ Директорлар кеңесінің мүшелері және медициналық қоғамдастық өкілдері қатысты, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Жаңа бөлімде емдеу үдерісіне клиникалық-фармакологиялық бағалау жүргізу, терапияның тиімділігі мен қауіпсіздігін бақылау, емдеу тәсілдерін ұтымды таңдау, дәрілік заттарды сұйылту жұмыстары жүзеге асырылады. Сонымен қатар дәрілік заттарды есепке алу және сақтау қоймасы жұмыс істейді.
Қонақтар таблетка түріндегі дәрілерді дәл мөлшерлеуді қамтамасыз ететін, адам факторының әсерін азайтып, дәрілерді беру үдерісін жеделдететін автоматтандырылған жүйесімен танысты. Сондай-ақ дәрілік заттарды сақтау жағдайларын қатаң бақылауға, қалдықтар мен жарамдылық мерзімдерін нақты уақыт режимінде есепке алуға, дәрілердің сақталуы мен қауіпсіздігін арттыруға мүмкіндік беретін автоматтандырылған сақтау кабинеті және роботтандырылған жеткізу жүйесі көрсетілді.


Институт Басқарма төрағасы Рүстем Төлеутаев дәрілік қамтамасыз етуді цифрландыру жобасын таныстыра отырып: «Мемлекет басшысының денсаулық сақтау инфрақұрылымын кезең-кезеңімен цифрландыру және заманауи автоматтандырылған жүйелерді енгізу жөніндегі тапсырмасын орындау мақсатында госпитальдық фармация бөлімінде дәрілік қамтамасыз етуді цифрландыру жұмыстары енгізілуде», – деді.
Оның айтуынша, автоматтандырылған шешімдерге көшу дәрілік заттарды басқаруды жаңа деңгейге көтереді. Заманауи әдістеме дәрілік препараттардың клиникаға түскен сәтінен бастап пациентке берілгенге дейінгі бүкіл өмірлік циклін үздіксіз бақылауға негізделген және адам факторын барынша азайтады.
Клиникалық фармакология бөлімінің басшысыАйгүл Бақтығалиева жаңа технологияларды енгізу арқылы 1С бухгалтериясы мен DAMUMED ақпараттық жүйелерін біріктіруге, бөлімшелердегі медицина қызметкерлерінің уақытын оңтайландыруға, дәрілік қамтамасыз етудің жылдамдығы мен сапасын арттыруға және логистикалық шығындарды азайтуға мүмкіндік туатынын атап өтті.

Автоматтандыру мен цифрландыруды енгізудің басқа да артықшылықтары бар. Атап айтқанда, дәрілік заттардың қозғалысының толық ашықтығы қамтамасыз етіледі, ал үдерістерді автоматтандырудың бес деңгейлі бақылауы тәуекелдер мен қателіктерді азайтады.
Цифрландыру медициналық көмектің сапасын үздіксіз дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету деңгейінде жақсартады, пациенттердің қауіпсіздігін арттыруға мүмкіндік береді. Ал есепке алуды автоматтандыру ресурстарды ұтымды бөлу есебінен 18%-ға дейін үнемдеуге жол ашады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0