$ 493.15  574.17  6.77

«Президент сөзіне комментарий бере алмаймын»: Ермұрат Бәпи неден сескенді?

Осыған дейін бұл пікірді белгілі журналист, депутат Ермұрат Бәпи де қуаттап, әріптесінің сөзін орынды деп есептеген еді.

Фото: parlam.kz
Фото: parlam.kz

Азат Перуашевтың Қазақстанды «Штрафстан» деп атаған мәлімдемесін ашық қолдаған депутат Ермұрат Бәпи бүгін Мемлекет басшысының сынынан кейін райынан қайтқандай кейіп танытты, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Естеріңізге сала кетейік, жақында Ақ жол партиясының жетекшісі, мәжілісмен Азат Перуашев елдегі айыппұлдардың көбейгенін шенеуіктердің халықты тонау құралына айналдырғанын айтып, Қазақстанды «Штрафстан» деп атаған болатын. Осыған дейін бұл пікірді белгілі журналист, депутат Ермұрат Бәпи де қуаттап, әріптесінің сөзін орынды деп есептеген еді.

Алайда, күні кеше Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бұл мәлімдемеге қатысты қатаң позициясын білдірді. Мемлекет басшысы заң мен тәртіпті айыппұлмен шатастырмау керектігін айтып, елді «Штрафстан» деп атаған депутаттың сөзін заңсыздық пен тәртіпсіздікті ақтауға тырысу деп сынады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0