Еске салайық, бұған дейін кенже ұлынан айырылған Райхан Мәлікова делдалдардың құрбаны болғанын айтқан еді.
Журналист Руслан Өтепбай маңызды мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Оның мәліметінше, биыл 20 сәуір күні Қызылорда облысының 16 жастағы тұрғыны Сұңқар Сәбит Үндістанның астанасы Делиде көз жұмған. Жасөспірім анасымен бірге аталық без қатерлі ісігін емдету үшін шетелге барған.
«Туыстарының айтуынша, дәрігерлер химиялық терапияны бастамас бұрын болашақта ұрпақ сүю мүмкіндігін сақтау мақсатында жасөспірімнің ұрығын арнайы жағдайда қатырып сақтаған», - деп жазды журналист.
Алайда Сұңқардың өліміне қатерлі ісік емес, жүрегіндегі тромбтың жарылуы себеп болған.
«Қазір қара жамылған ананың басты мақсаты - Үндістандағы медициналық мекемеде сақтаулы тұрған ұлының ұрығын Қазақстанға алдырту. Бүгін осы мәселені шешу үшін Индияға ұшқалы жатырмын», - деп жазды Руслан Өтепбай.
Еске салайық, бұған дейін кенже ұлынан айырылған Райхан Мәлікова делдалдардың құрбаны болғанын айтқан еді.
Оның айтуынша, қолындағы бар қаражатын жұмсағанына қарамастан, үндістандық дәрігерлер жасөспірімге қажетті емді уақытында жүргізіп үлгермеген. Үндістанға тексерілу үшін барған Сұңқар Сәбит 12 күннен кейін қайтыс болды. Ал марқұмды шетелге апаруға көмектескен “Medical Travel” компаниясының басшылары баланың анасынан ешқандай қаражат алмағандарын мәлімдеген.