$ 494.87  520.65  4.91

Биыл елімізде 100 гектар алма бағы өсіріле бастайды

Осы жылы Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры 100 гектарда қарқынды алма бақшаларын өсіруге кіріседі. Бұл жөнінде аталмыш Қордың басқарма төрағасы Нармұхан Сарыбаев Астанада өткен брифингінде мәлім етті, деп хабарлайды Skifnews.kz.

Оның айтуынша, бүгінгі таңда әлемдегі алманың 48,4 пайызын Қытай өсіріп, 2002 жылдан бері бұл саладағы тиімділігін екі есеге дейін көтерді. Елімізде мұндай көрсеткішке жетуге еш кедергі жоқ.

Сондай-ақ, көкөніс өсіру бағытында фермерлердің кооперациялау механизмдерін пайдаланып, тамшылатып суару жүйелерін сатып алу, отбасылық қарқынды (интенсивті) алма бақшаларын дамытуға арналған несиелеу бағдарламалары да бар.

— Әлем бойынша алманы ең ірі өндірушілері - Қытай, Польша, Италия тәрізді елдер пайдаланатын технологияларды енгізу бойынша біздің бастамамыз отандық алма өсіретін шаруашылықтарға да жаңа серпін береді деп сенемін, — деді ол.

Ағымдағы жылы жаңа бағдарламаларды есептегенде, Қор тарапынан фермерлер мен ауылдық кәсіпкерлікті қолдауға 31 миллиард теңгеге жуық сома бөлінеді деп күтілуде.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары