$ 445.66  474.58  4.78

«Алматы-1» вокзалында қоғамдық қауіпсіздік бөлімінің басшысы парамен ұсталды

Алматыда «Алматы-1» стансасының Желілік ішкі істер басқармасының қоғамдық қауіпсіздік бөлімінің басшысы Б.Ысқақов пара алған жерінен ұсталды, деп хабарлайды Skifnews.kz.

«Тамыздың 20-сында біздің департаментке жеке кәсіпкер аты аталған қызметкердің ақша бопсалап жатқанын айтып шағымданды. Ол 84 000 теңге берсе, кәсіпкердің шаруасын дөңгелетіп беремін деп уәде еткен. Қаржы полициясының қызметкерлері лауазымды тұлғаны пара алып жатқан жерінен қолға түсірді», делінген қалалық Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаменті баспасөз қызметінің мәліметінде.

Қазір аталған дерекке байланысты ҚР ІІМ Көліктегі ІІД «Алматы-1» стансасының Желілік ішкі істер басқармасы қоғамдық қауіпсіздік бөлімінің басшысы Б.Ысқақовқа қатысты ҚР ҚК 311-ші бабының 2-ші тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары