03.06.2026, 22:30

Түркістанда бір үйдің екі баласы өзенге ағып кетті

Фото: Stan.kz

8 жастағы Юсуфахмет пен 13 жастағы Диасты құтқарушылар тәулік бойы іздеген. 

Түркістан облысында ағайынды екі бала суға кетіп, қайғылы қазаға ұшырады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

8 жастағы Юсуфахмет пен 13 жастағы Диасты құтқарушылар тәулік бойы іздеген. Кейін балалардың бірінің мәйіті ауыл маңынан табылса, екіншісінің денесі шамамен бір шақырым жерден анықталған.

Қара жамылған ана Айгүл Тамашева сол күні таңғы сағат бесте жұмысқа кеткенін айтады.

Артынша мүгедектігі бар әкесі де нәпақа табу үшін үйден шығып кеткен. Үйдегі кішкентай балаларға үлкен қызы қараған. Алайда ол анасына дәрі апарып беруге кеткен сәтте Юсуфахмет пен Диас үйден шығып кетіпті.

Марқұмдардың туыстарының айтуынша, балалар сол кезде канал жаққа барған.

Қайғылы жағдай Келес ауданындағы Ошақты каналында болған.