$ 493.15  574.17  6.77

«17 жаста 4 ауылдасы зорлаған»: Қазақстанда 30 жыл бұрын болған қылмыстық іс тергеліп жатыр

Бұл іске қатысты құқық қорғау органдары Қылмыстық кодекстің 120-бабы «Зорлау» бойынша тергеуді бастап кетті.

Фото: видеодан скриншот
Фото: видеодан скриншот

Батыс Қазақстан облысында 30 жыл бұрын болған зорлық-зомбылық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Әлеуметтік желіде Наташа Қалымбетова есімді әйел бейнеүндеу жариялап, 17 жасында 4 ауылдасы тарапынан зорланғанын айтқан. Ол кезде қорқыныш пен қоғамның ұятынан, сондай-ақ анасының қарсылығынан полицияға арыз түсірмеген. Осы оқиғадан кейін 1994 жылдың желтоқсанында дүниеге қыз бала келіп, баспана мен қолдаудың жоқтығынан нәресте Оралдағы балалар үйіне уақытша тапсырылған. Анасы оны 3 жыл бойы барып көріп тұрғанымен, кейін қыз із-түссіз жоғалып кеткен.

Қазіргі таңда 20 жастағы ұлды тәрбиелеп отырған Наташа жақында ғана қызының ресми түрде шетел асып, асырап алынғанын білген. Оған Анжелика-Николь деген қос есім беріліп, тегі Боук болып өзгертілген әрі АҚШ немесе Еуропаға әкетілуі мүмкін. Әйелдің басты мақсаты – қызының амандығын біліп, оны өз еркімен тастамағанын түсіндіру.

Бұл іске қатысты құқық қорғау органдары Қылмыстық кодекстің 120-бабы «Зорлау» бойынша тергеуді бастап кетті.

«Құқық бұзушылықтың ескіру мерзіміне қарамастан қылмыстық іс қозғалды, себебі бұл жыныстық тиіспеушілікке қатысты, қазір тергеу жүріп жатыр және оның мән-жайын аша алмаймын», — деді ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов.

Оның сөзіне қарағанда, қажетті тергеу әрекеттері аяқталған соң міндетті түрде қосымша ақпарат беріледі.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0