05.06.2026, 10:55

Миллиондаған қазақстандықты қанауда: Ұялы байланыс операторлары халықты қалай тонап отыр?

Фото: Pixabay

Бұл мәселе жаңалық емес - шағымдар өткен жылдан бері айтылып келеді.

Қазіргі қоғамда қолжетімді ұялы байланыс пен интернет - сән-салтанат емес, адамның базалық қажеттілігі. Алайда, соңғы уақытта қазақстандықтар тарифтердің қымбаттауымен ғана емес, өздеріне беймәлім жасырын есептен шығарулармен, күштеп таңылған сервистермен және түсініксіз тарифтеу тетіктерімен бетпе-бет келуде.

Халықтан Kcell/Activ операторлары абоненттерінен жаппай шағымдар түсіп жатыр. Тұтынушылардың айтуынша, олардың келісімінсіз-ақ «Fun Online», «My Games», «Марафон желаний», «Cinema Games», «New Happy Bonus» сияқты ешқандай пайдасы жоқ үшінші тараптың ақылы қызметтері қосылып кетеді. Ең сорақысы, адамдарды бір мезгілде бірнеше қызметке жазып тастайды, ал ақшаның ұсталып жатқаны туралы хабарлама мүлдем келмейді немесе байқалмай қалады. Осының салдарынан азаматтар баланстың не себепті азайып бара жатқанын түсінбей, айлар бойы ақшасынан қағылып келеді.

Бұл мәселе жаңалық емес - шағымдар өткен жылдан бері айтылып келеді. Сол кезде «Kcell» АҚ басшылығы БАҚ беттерінде мұндай сервистерге қатысты саясатты қайта қараймыз деп уәде берген. Бірақ уәде сиырқұймышақтанып, мәселе әлі күнге дейін шешілмей отыр.