Көпшілік ерекше баланың дауысын жасанды интеллект арқылы имитациялап, оны эфирде көрсету этикалық тұрғыдан дұрыс емес деп есептейді.
«Хабар» арнасының «КешREC» бағдарламасы әнші Жасұлан Базарбайдың сөйлей алмайтын ерекше қызын жасанды интеллект (ЖИ) көмегімен «сөйлетіп», эфирден көрсеткен, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Бағдарлама авторлары бұл қадамды баланың орындалмаған арманын жүзеге асыруға бағытталған ізгі ниет ретінде түсіндірген. Алайда эфирден кейін әлеуметтік желілерде бұл әрекет қызу талқыға түсіп, қоғамда үлкен наразылық тудырды.
Көпшілік ерекше баланың дауысын жасанды интеллект арқылы имитациялап, оны эфирде көрсету этикалық тұрғыдан дұрыс емес деп есептейді. Сын айтушылар мұндай технологияларды қолдану кезінде адамның жеке құқығы, қадір-қасиеті және ерекше қажеттілігі бар балалардың мүддесі бірінші орында тұруы тиіс екенін алға тартуда. Ал кейбір қолданушылар бұл жағдай қоғамда жасанды интеллект мүмкіндіктерін пайдаланудың моральдық шекарасы туралы маңызды пікірталас туғызғанын атап өтті.