Кейінгі уақытта ол жеке өмірінде қиындықтар болып, күйзеліске түскен.
Наурызбай ауданындағы тұрғын үй кешендерінің бірінде түн ортасына қарай қайғылы оқиға болды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Алдын ала мәлімет бойынша, 1988 жылы туған әйел бесінші қабаттың терезесінен секіріп, өзіне қол жұмсаған. Оқиға орнына жедел жеткен медицина қызметкерлері оның қаза тапқанын растады.
– Аталған дерек бойынша Наурызбай аудандық полиция басқармасы қылмыстық іс қозғады. Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайын жан-жақты анықтауға бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр, - делінген ведомство таратқан хабарламада.
Полицияның мәліметінше, марқұм сол тұрғын үй кешенінде тұрған. Алдын ала ақпаратқа сәйкес, кейінгі уақытта ол жеке өмірінде қиындықтар болып, күйзеліске түскен.