Сондай-ақ ол мұндай адамның жұбайы Динарамен де тіл табысып кетуі мүмкін деп ойлағанын жеткізді.
Сәкен Майғазиев екінші әйел алу туралы ойын айтты, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Қазақстандық әнші Сәкен Майғазиев сұхбаттарының бірінде өміріндегі кейбір ойларымен бөлісіп, белгілі бір кезеңдерде екінші әйел алу туралы ойлағанын жасырмады.
Өнер иесінің айтуынша, кейбір жандарды көргенде «мына қыз екінші әйел болуға лайық екен» деген ой келген кездері болған.
Сондай-ақ ол мұндай адамның жұбайы Динарамен де тіл табысып кетуі мүмкін деп ойлағанын жеткізді.
Әншінің бұл пікірі әлеуметтік желіде қызу талқыланып, оқырмандар арасында түрлі пікір тудырды. Бірі оның ашық пікірін қолдаса, енді бірі көпәйелділік мәселесіне қатысты өз көзқарасын білдірді.