$ 485.34  564.45  6.53

Еліміз бойынша 6 маусымға арналған ауа райы болжамы

"Қазгидромет" РМК деректері бойынша, Павлодар, Абай облыстарында күн қатты ысиды: +35°C дейін.

Фото: Алматы әкімдігі
Фото: Алматы әкімдігі

Синоптиктер Қазақстан аумағы бойынша алдағы сенбі, 2026 жылғы 6 маусымға арналған ауа райының синоптикалық жағдайы мен қауіпті құбылыстарының болжамын ұсынды, деп хабарлайды Sn.kz сайты. 

"Қазгидромет" РМК деректері бойынша, Павлодар, Абай облыстарында күн қатты ысиды: +35°C дейін.

"Қазақстан аумағындағы ауа райы айтарлықтай өзгеріссіз қалады: солтүстік-батыс циклоны және онымен байланысты атмосфералық фронтальды бөліктер салдарынан найзағай ойнап, бұршақ түседі, батыста нөсер жаңбыр жауады. Тек еліміздің шығысында жауын-шашынсыз ауа-райы күтіледі. Республика бойынша желдің екпін алады, солтүстікте шаңды дауыл тұрып, түнде және таңертең тұман болады", - деп болжанады.

Сондай-ақ еліміздің бірқатар өңірінде жоғары және төтенше өрт қаупі күтіледі:

  • Абай, Жетісу, Ұлытау облыстарында, Түркістан облысында, Жамбыл, Павлодар облыстарының батысында, оңтүстігінде, шығысында, Алматы облысының батысында, оңтүстік-шығысында, Қызылорда өңірінің орталығында, оңтүстігінде, шығысында, Қостанай облысының орталығында, солтүстік-батысында, Шығыс Қазақстан облысының орталығында, Ақмола облысының оңтүстігінде, шығысында, Батыс Қазақстан облысының батысында, Қарағанды облысының шығысында, Маңғыстау облысының орталығында жоғары өрт қаупі күтіледі.
  • Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, орталығында, Қызылорда облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде, солтүстік-шығысында, Түркістан өңірінің орталығында, Алматы облысының солтүстігінде, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан облыстарының оңтүстігінде, Жетісу облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде, Абай облысының солтүстік-батысында, оңтүстігінде, орталығында төтенше өрт қаупі күтіледі.
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0