$ 487.44  567.38  6.62

Жаңбыр, найзағай: Жексенбіде бірнеше өңірде ескерту жасалды

Жамбыл облысының таулы аудандарында, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, таулы аудандарында өткінші жаңбыр, найзағай күтіледі.

Фото: Pixabay
Фото: Pixabay

"Қазгидромет" РМК синоптиктері ертең, 7 маусымда елдің бірнеше өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Ақтөбе облысының батысында, солтүстігінде аздаған жаңбыр, найзағай, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында жаңбыр, найзағай күтіледі. Түнде және таңертең тұман күтіледі. Оңтүстіктен, оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде, орталығында екпіні 15-18 м/с. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Ақтөбеде күннің екінші жартысында жаңбыр, найзағай күтіледі. Түнде және таңертең тұман күтіледі.

Маңғыстау облысының батысында, оңтүстігінде, орталығында жаңбыр, найзағай, күндіз жаңбыр, найзағай, облыстың солтүстігінде, орталығында кей уақыттарда қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында кей уақыттарда екпіні 15-20 м/с күтіледі. Облыстың орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.

Алматы облысының оңтүстік-шығысында өткінші жаңбыр, найзағай, күндіз солтүстігінде, оңтүстігінде аздаған жаңбыр, найзағай, таулы аудандарында өткінші жаңбыр, найзағай күтіледі. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде, шығысында, таулы аудандарында екпіні 18 м/с. Облыстың солтүстігінде төтенше өрт қаупі, облыстың батысында, солтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың орталығында жоғары өрт қаупі күтіледі. Алматыда күндіз аздаған жаңбыр, найзағай күтіледі. Қонаев қ.: 07 маусымда жоғары өрт қаупі күтіледі. Іле Алатауы (Алматы қаласының Медеу және Бостандық аудандарының таулы аймақтары) бойынша: 07 маусымда күндіз өткінші жаңбыр, найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, кей уақыттарда екпіні 18 м/с.

Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында жаңбыр, найзағай, күндіз жаңбыр, найзағай, облыстың оңтүстігінде, шығысында қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі. Жел солтүстік-батыстан соғады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Облыстың батысында жоғары өрт қаупі сақталады. Оралда күндіз жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі.

Атырау облысының батысында, солтүстігінде жаңбыр, найзағай, күндіз жаңбыр, найзағай, облыстың батысында кей уақыттарда қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың батысында 15-20 м/с. Атырауда таңертең және күндіз жаңбыр, найзағай күтіледі.

Павлодар облысының батысында, солтүстігінде, шығысында жаңбыр, найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 18 м/с күтіледі. Күндіз 35 градус қатты ыстық сақталады. Облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. Павлодарда күндіз 35 градус қатты ыстық күтіледі. Жоғары өрт қаупі сақталады.

Жамбыл облысының таулы аудандарында, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, таулы аудандарында өткінші жаңбыр, найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. Таразда жоғары өрт қаупі күтіледі.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0