Тереңдігі – 5 км.
ҚР ТЖМ «СБЗҰҒО» ЖШС сейсмикалық станциялар желісі 8 маусымда Астана уақытымен сағат 21:55-те жер сілкінісін тіркеді, - деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Бұл туралы ТЖМ баспасөз қызметі мәлім етті.
Жер сілкінісінің ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 111 шақырым жерде, Қазақстан аумағында орналасқан.
Жер сілкінісінің координаттары: 42.920° с.е., 78.188° ш.б. Тереңдігі – 5 км. Есептік қарқындылығы (баллмен):
• Алматы облысы, Кеген ауданы, Саты ауылы – 2,5 балл;
• Алматы облысы, Кеген ауданы, Жалағаш ауылы – 2 балл.
Еске сала кетейік, 4 маусымда сағат 21:22–де Алматы тұрғындары жер асты дүмпуін сезген болатын.