$ 494.87  520.65  4.91

Астанада кәмелетке толмаған ауған баласы жалған құжатпен ұсталды

«Астана» шекаралық бақылау отрядының бақылаушылары жалған құжат көрсеткен 15 жастағы ауғанстандық жасөспірімді ұстады, деп хабарлайды Skifnews.kz.

ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің шекара қызметі мәлімдегендей, «Бішкек - Астана» бағытындағы КС 152 халықаралық рейсін рәсімдеу кезінде 1994 жылы туылған Дания азаматының атына берілген жалған құжат анықталды.

«Аталған жолаушы Қазақстан арқылы ұшып бара жатқан өтпелі жолаушы болып шықты. Айтуына қарағанда ол Қабыл қаласынан Бішкекке ұшып келіпті, одан Астанаға келіп, бұдан әрі Лондон, Ганноверге ұшуды жоспарлапты. Тексерген кезде қолында өтпелі билеті мен ұшаққа отырғызу талоны болмай шықты», делінген хабарламада.

Жедел-тергеу жұмыстары жүргізілуде. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары