ТЖМ автокөлік иелерін өрт қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырады.
Тәшенов көшесінің бойында жолдың жүріс бөлігінде жеңіл автокөлік өртенді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Құтқарушылар өртті жедел түрде сөндірді.
Алғашқы өрт сөндіру бөлімшелері оқиға орнына жеткен кезде автокөліктің салоны мен қозғалтқыш бөлігі түгелдей отқа оранған.
Зардап шеккендер жоқ, өрттің шығу себебі анықталып жатыр.
ТЖМ автокөлік иелерін өрт қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырады.