Оған қатысты видео әлеуметтік желілерде тарады.
Шамалғанда полиция әйелге шабуыл жасады деген күдікті ер адамды іздестіріп жатыр, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Оқиға елді мекендегі көшелердің бірінде болған. Оған қатысты видео әлеуметтік желілерде тарады. Ер адам өтіп бара жатқан адамға шабуыл жасап, оны жіппен буындырмақ болған.
Әйел адам қашып құтылған. Жәбірленушінің туыстарының айтуынша, бейнебақылау камераларындағы жазбаларға қарамастан, күдікті әлі ұсталмаған.
Алматы облысының полиция департаменті аталған фактіге қатысты қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады. Қазір шабуыл жасаған күдіктінің жеке басын анықтап, оны ұстау үшін тиісті жедел-іздестіру шаралары қолға алынды. Тергеу жалғасуда.