Аталған жоба – еліміздің энергетика саласындағы ірі инфрақұрылымдық бастамалардың бірі.
«KEGOC» АҚ Атырау облысында «Батыс Қазақстанның электр энергетикалық жүйесін Қазақстанның Бірыңғай электр энергетикалық жүйесімен (БЭЖ) біріктіру» жобасы аясындағы құрылыс нысандары бойынша баспасөз турын ұйымдастырды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Аталған жоба – еліміздің энергетика саласындағы ірі инфрақұрылымдық бастамалардың бірі. Ол Қазақстанның батыс өңірін Бірыңғай электр энергетикалық жүйемен толыққанды байланыстырып, ұлттық электр желісінің тұрақтылығын арттыруға бағытталған.
KEGOC мәліметінше, Батыс Қазақстан – елдің негізгі өнеркәсіптік орталықтарының бірі. Сондықтан сенімді электр желісі кәсіпорындардың үздіксіз жұмыс істеуіне, инвестициялық жобалардың дамуына және халықты сапалы электр энергиясымен қамтамасыз етуге тікелей әсер етеді.
Жоба аясында келесі инфрақұрылымдық нысандар салынуда:
500 кВ «Қарабатан» қосалқы станциясының құрылысы 500 кВ «Өлке» қосалқы станциясын жаңғырту және кеңейту 500 кВ «Өлке – Қарабатан» әуе электр жеткізу желісін салуЖоба іске қосылғаннан кейін Батыс Қазақстан мен елдің негізгі энергожүйесі арасында жаңа қуатты электрлік байланыс қалыптасады.
Қазіргі таңда құрылыс жұмыстары қарқынды жүргізілуде.
Қосалқы станциялар бойынша:
Негізгі 500 кВ жоғары вольтты жабдықтар жеткізілді Элегазды ажыратқыштар, айырғыштар, автотрансформаторлар мен реакторлар орнатуға дайындалуда «Қарабатан» алаңында құрылыс-монтаж жұмыстары жалғасуда «Өлке» қосалқы станциясында ашық тарату құрылғысын кеңейту жұмыстары жүргізілудеӘуе желісі бойынша:
4 731 іргетастың 4 156-сы орнатылған 775 металл тіректің 619-ы құрастырылған Жұмыстар бірнеше учаскеде қатар жүргізілудеKEGOC өкілдерінің айтуынша, бұл жоба:
ұлттық энергетикалық қауіпсіздікті күшейтеді Батыс аймақтың электрмен қамтылу сенімділігін арттырады өнеркәсіп пен бизнестің дамуына жаңа мүмкіндіктер ашады өңірдің энергетикалық тәуелсіздігін нығайтадыСонымен қатар, жобаны іске асыру отандық кәсіпорындардың өндірістік әлеуетін пайдалануға және жергілікті қамту үлесін арттыруға ықпал етеді.