10.06.2026, 21:30

«Баланы топырақ астынан әрең таптық»: Арыстағы жантүршігерлік жол апатының тағы бір шындығы ашылды

Коллаж: Ulysmedia.kz

​Бұл туралы оқиғаның куәгерлері айтып отыр.

Күдікті әйелдің Арыс орта мектебінде «Қазақ тілі және әдебиеті» пәнінің мұғалімі болғаны да расталған, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы. 

«КТК» телеарнасының мәліметінше, марқұм әйелдің көршілері жүргізушіні мас күйінде жиі көріп жүрген.

"Соққының қатты болғаны соншалық, марқұм келінімнің денесі қораға қарай ұшып кеткен. Ал, оның 2 жастағы баласын топырақ астынан әрең таптық. Көрші үйде тұратын келініміздің 5 жастағы қызы қайтыс болды. Өзі бір баласымен аурухана жатыр", – дейді телеарнаға сұхбат берген Ғани Айдаров.

Оқиға куәгерлері рөлдегі келіншектің апат кезінде қатты мас болғанын айтады. Сонымен қатар, күдіктінің Арыс орта мектебінде «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәнінен сабақ бергені де расталды. Қазір ол 2 айға қамалған.

Тегтер: арыс жол апаты