$ 490.21  566.93  6.81

Қайын әпкесінің де қатысы бар ма? Марқұмдардың туысы Ақбаянға қатысты күмәнді жайттарды айтты

Осыған байланысты ол Ақбаянның немесе оның ата-анасының келісімінсіз қандай негізде құжаттар рәсімделгеніне күмән келтіріп отыр.

Фото:
Фото:

Атырауда төрт адамның өліміне әкелген қанды оқиғаға қатысты сот отырысында жаңа жайттар айтылды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Arasha.kz мәліметінше, жәбірленуші тараптың өкілі, марқұм Мақсот Қарабалиннің інісі Шалқар Мұқанғалиев Сұлтан Сәрсемәлиевтің әпкесі Ақбаян Мұқанғалиеваның құжаттарымен жүргені туралы мәселе көтерді. Оның айтуынша, Ақбаян мен Сұлтан 2022 жылы заң жүзінде ажырасқан. Осыған байланысты ол Ақбаянның немесе оның ата-анасының келісімінсіз қандай негізде құжаттар рәсімделгеніне күмән келтіріп отыр.

Сондай-ақ Шалқар Мұқанғалиев Ақбаянды Ақтауға және кейін Қазақстан шекарасы арқылы Өзбекстанға алып бару әрекеттерінің заңдылығын тексеру қажет деп есептейтінін айтты.

«Егер Ақбаянға қатысты ақыл-есінің кемістігі туралы қандай да бір шешім қабылданған болса, бұл қаншалықты заңды болғанын анықтау керек», – деді ол.

Еске салайық, бұған дейін Атырау облысы прокуратурасы өкілдері Ақбаянның отбасы мүшелерінің өліміне тікелей қатысы жоқ екенін мәлімдеген болатын. Алайда жәбірленуші тарап Ақбаянға қатысты құжаттық және құқықтық әрекеттерге құқықтық баға беруді талап етіп отыр.

Қазіргі уақытта іс бойынша тергеу және сот процестері жалғасуда.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Тегтер:

#Атырау #сот