$ 488.59  564.37  6.79

«Басы денесінен бөлінген»: Сотта Наурыздың мәйітін тану кезіндегі бейнежазба көрсетілді (ВИДЕО)

Судья сот отырысында бейнетүсірілім жүргізуге рұқсат бермеген.

Коллаж: Sn.kz
Коллаж: Sn.kz

Атырау облысында қоғамда үлкен резонанс тудырған іс бойынша сот процесі жалғасуда, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Кезекті сот отырысында қаза тапқан Наурыз Мұқанғалиевтің өліміне қатысты мән-жайлар қаралды. Сот залынан тараған ақпараттарға сәйкес, тергеу барысында түсірілген бейнематериалдар зерттелген.

Әлеуметтік желілерде жарияланған мәліметтерге қарағанда, айыпталушы Сұлтан Сәрсемәлиевке Наурыз Мұқанғалиевтің мәйітін тану кезінде түсірілген бейнежазба көрсетілген. Тергеу деректеріне сәйкес, марқұмның денесі ауыр жарақат алған. Судья сот отырысында бейнетүсірілім жүргізуге рұқсат бермеген.

Еске салайық, Сұлтан Сәрсемәлиев бұрынғы жұбайының төрт туысын өлтірді, сондай-ақ ұрлық пен алаяқтық жасады деген айыптар бойынша сот алдында жауап беріп жатыр. Бұл іс 2026 жылы Атырау облысында кең қоғамдық талқыға түскен болатын.

Бұған дейін өткен сот отырыстарында айыпталушының ата-анасы куәлік берген. Әкесінің жауап беруі кезінде Сұлтан Сәрсемәлиевтің көз жасына ерік бергені туралы ақпарат тараған еді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0