$ 488.59  564.37  6.79

«Сөзіне емес, ісіне қарап еске алады»: Бердібек Сапарбаевтың келіні әсерлі жазба жариялады (ВИДЕО)

"Осы уақыт ішінде түрлі көңіл күйде болдық".

Коллаж: Sn.kz
Коллаж: Sn.kz

Белгілі мемлекет және қоғам қайраткері, марқұм Бердібек Сапарбаевтың өмірден өткеніне тура үш жыл толды. Осыған орай оның келіні Адель Сапарбаева әлеуметтік желіде әсерлі жазба жариялады, деп хабарлайды  Sn.kz ақпарат порталы.

Ол қайынатасы өмірден өтсе де әлі күнге дейін елге пайласы тиіп жатқанын айтты. 

«Үш жыл... Бүгін әкеміздің өмірден өткеніне тура үш жыл толды. Осы уақыт ішінде түрлі көңіл күйде болдық, бірақ дәл қазір бір нәрсені: адамды сөзіне емес, жасаған ісіне қарап еске алатынын ерекше терең түсінесің. Әкеміздің өмір сүрген жолы мен жасаған әрекеттері жылдар өтсе де адамдарға қызмет етіп, бүкіл елге пайдасын тигізіп жатыр. Артыңдағы жұрт сені жүрегіндегі жылулықпен әрі алғыспен еске алуы үшін өмірден осылай өту міне, шын құндылық осы. Біздің батырымыз Бердібек Сапарбаевтың жарқын бейнесі жадымызда мәңгі сақталады», — деп жазды келіні Адель Сапарбаева.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0