Мұндағы жарық бағанасы қазір жерге емес, тек сымдарға ғана ілініп, ауада қалқып тұр.
Қарағандының Грибоедов көшесіндегі 33-үйдің тұрғындары әрбір жел соққан сайын құдайға сыйынып отыр, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Мұндағы жарық бағанасы қазір жерге емес, тек сымдарға ғана ілініп, ауада қалқып тұр. Жағдайдың асқынғаны сонша, кез келген уақытта құлап, адам өмірін қиюы әбден мүмкін. Ең сорақысы — тұрғындар бұл мәселені айтып, «Сенім» қызметіне осыдан екі жыл бұрын шағымданған. Сол кезде келген жауапты мекеме өкілдері құлайын деп тұрған бағананың астына... жай ғана кірпіш қойып кеткен. Халықтың «бұл сенімсіз ғой» деген наразылығына атқамінерлер мен әкімдік өкілдері «ешқандай қауіп жоқ» деп қысқа қайырған. Кешегі қатты желден кейін әлгі «кірпіш технологиясы» сыр беріп, бағана мүлдем теңселіп қалды.
Қала билігі қайғылы жағдай болып, біреу мертікпейінше қозғалмайтын сыңайлы. Жергілікті әкімдік халықтың қауіпсіздігіне бас ауыртудың орнына, мәселені тағы да жылы жауып қоюға тырысып бағуда. Тұрғындардың жанайқайын еститін құлақ, көретін көз бар ма бұл қалада?