$ 488.59  564.37  6.79

«Қазақмыс» Оңтүстік Жезқазған кенішіндегі жағдайға қатысты мәлімдеме жасады

Компанияның мәліметінше, қазіргі уақытта кеніштегі жағдай тұрақты және өндірістік қауіпсіздік талаптары толық сақталуда.

Фото:
Фото:

«Қазақмыс» корпорациясы Оңтүстік Жезқазған кенішіндегі жағдайға қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Компанияның мәліметінше, қазіргі уақытта кеніштегі жағдай тұрақты және өндірістік қауіпсіздік талаптары толық сақталуда. Басшылық жұмысшылармен сындарлы диалог жүргізіп, көтерілген мәселелерді заңнамаға және қолданыстағы ішкі рәсімдерге сәйкес қарастыруға дайын екенін мәлімдеді.

Сондай-ақ кәсіпорын өндірістік қауіпсіздікті арттыру және жұмыс жағдайларын жақсарту бағытындағы жаңғырту жұмыстарын жалғастыратынын атап өтті. Компания өкілдерінің айтуынша, қызметкерлердің ұсыныстары мұқият зерделеніп, оларды іске асыру мүмкіндігі қаралады.

«Қазақмыс» ұжымды сабыр сақтауға шақырып, барлық мәселелерді өзара түсіністік пен ашық диалог арқылы шешуге мүдделі екенін жеткізді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0