12.06.2026, 14:20

«Досы алдап шақырған»: Алматыдағы 12 жастағы баланың өліміне қатысты тың дерек шықты (ВИДЕО)

Фото: видеодан скриншот

Артынша өзі қашып кеткен көрінеді.

Алматыда пышақ жарақатынан қаза болған 12 жастағы бала жайлы тың дерек шықты, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Бұл туралы "КТК" арнасының тілшісі желідегі парақшасында мәлімдеді.

"Асқан жауыздықпен жасалған қанды қылмыс әскери қызметкерлер тұратын жатақхананың дәлізінде болған. 12 жастағы Абылайханды досы алдап шақырған екен.

Артынша өзі қашып кеткен көрінеді. Ал, марқұмды екінші бала күтіп алып, бірден пышақ сұғыпты. 9 жерінен жарақат алған оқушы қансыраған күйі тіл тартпай кеткен", - деп жазды ол. 

Әжесі күдікті баланың отбасы кешіріп сұрап келгенін, алайда кешірімді қабылдай алмағанын айтты. 

"Кеше кешкі 19:30-да немеремді екі бала шақырды. Біреуі қарсы алып, екіншісінің үйіне алып барды. Сол жерде оған пышақ жарақаттарын салған, бала сол жерде қаза болды. Бізге хабарласып, баланың жатқанын айтты. Біз жүгіріп жеттік, бірақ келгенде жедел жәрдем оның қайтыс болғанын растады. Бәрі өте тез болды. Олар кешірім сұрап келді. Бірақ балам қаза болып жатқанда мен қалай кешіремін? Оны өте қатыгездікпен өлтірді", – деді әжесі.

Қазір 13 жастағы күдікті қамауға алынды.