12.06.2026, 14:50

Киік көбейді, шаруа жүдеді: Қарағанды облысындағы жұрттың мұңын кім естиді?

Фото: видеодан скриншот

Қазір мыңғырған бөкендер жазық далада емес, шаруалардың егістік алқаптарында еркін тайраңдап, еккен өнімді таптап жатыр.

 

Қазақ даласында киік көбейді дегенді естігенде бәріміз қуандық, бірақ бұл қуаныштың арты Қарағанды облысы, Нұра ауданына қарасты Қайнар ауылының жұрты үшін үлкен уайымға айналып отыр, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Қазір мыңғырған бөкендер жазық далада емес, шаруалардың егістік алқаптарында еркін тайраңдап, еккен өнімді таптап жатыр.

Ауылдағы ағайынның жағдайы расымен қиын: мойындарында миллиондаған несие, артында бағып отырған бала-шағасы бар, ал маңдай термен келген еңбектері еш кетіп барады. Диқандар «Ертең күнкөрісіміз не болады?» деп, жауапты органдардан нақты көмек пен тез арада шешім күтуден шаршаған.

Үкімет жабайы табиғатты қорғаймыз деп жүріп, қарапайым халықтың нәпақасыз қалмауын да ойлауы керек емес пе?