12.06.2026, 14:55

«Альтаир» салған жаңа үйді су басты: Ақтөбе тұрғындары кепілдік мерзімі бітпей жатып шырылдауда

Фото: видеодан скриншот

Тұрғындардың айтуынша, үйді салған «Альтаир» компаниясы мәселені шешуге асығар емес.

Ақтөбеде Әлия Молдағұлова даңғылы, 66Б мекенжайындағы жаңа үйдің жертөлесі әр жаңбыр сайын суға толып қалады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Тұрғындардың айтуынша, үйді салған «Альтаир» компаниясы мәселені шешуге асығар емес. Баспана әлі де ресми кепілдікте тұр, бірақ құрылысшылар уақыт созып, жауапкершіліктен қашып жүрген сыңайлы. Халық «кепілдік мерзімі аяқталса, сорлап қаламыз ба» деп қауіптенеді.

Ендігі үміт — тек ресми органдарда. Тұрғындар Ақтөбе қаласының әкімдігін, МҚСҚ (ГАСК), тұрғын үй инспекциясы мен прокуратураны осы сорақылыққа шұғыл араласуға шақырып отыр. Су тиген іргетастың ертең қалай құламай тұратынына ешкім кепілдік бере алмайды.